Алматы соты блогерлер Дамир Кушеев пен Руслан Каримовті 9 жылға соттады
Алматы соты "бопсалау" бабы бойынша айыпталған блогерлер Дамир Кушеев пен Руслан Каримовті 9 жылға бас бостандығынан айырды. Істі сот алқасы қараған. Бұл жөнінде ҚазТАГ жазды. "Масқара сіздерге. Кінәсіз адамдарды ақтайды деп үміттенген едік. Тергеу дәлелдей алмады, бірақ ақыры бізді соттады. Біз қылмыс жасаған жоқпыз. Бірақ түрме жазасын берді" деді сот үкімі оқылғаннан кейін блогер Дамир Кушеев сот алқасы мүшелеріне. Сот үкімі 19 ақпанда кешке оқылды. 28 млн теңге көлемінде қаражатты...