Ресейлік жасөспірімді депортациялау шешімі: Орал соты шағымды қарап жатыр
Батыс Қазақстан облысының апелляциялық алқасы 16 жастағы ресейлік жасөспірім Тимур Турковты өз еліне депортациялау туралы бірінші инстанцияда шыққан шешімге түсірілген шағымды қарап жатыр. Жасөспірім Қазақстанға қашып келгеннен кейін Кремльдің саясаты және оның әскери риторикасымен келіспейтінін білдірген. Желтоқсанда бірінші инстанция соты Турковты "шекараны заңсыз кесіп өткені үшін" айыппұл салып, Қазақстанға 5 жылға кіруге тыйым салған. Жасөспірім қазақстандық құқық қорғаушылардың...